«Қыздар арасында»

    Қазақстандық телеарналар нарығындағы жаңа формат. Қызықты әрі танымдық ток – шоу қазақ тілінде көрсетіледі, әртүрлі жастағы әйелдерге арналған. Шоуды жүргізетін екі дәуірдің өкілі - Айнұр Ильясова мен Шынар Асқарова. Жаңа шоуда әйел затына қызықты болатын сан түрлі тақырыптар қозғалады, әсіресе бір тақырыпқа қатысты екі заман өкілінің пікірі қандай болады екен?

    Әңгіме айтқанмен, өсекші болмаудың жолы қандай? Күйеуің мен балаларыңды үй шаруасына байқатпай қалай жұмсауға болады? Дуаны қалай қайтарады? Теңіз өнімдерін қалай таңдау керек? Осы және басқа да сауалдарыңызға ток – шоу жүргізушілері жауап береді. Әр бағдарламаға сарапшылар мен қонақтар шақырылады, олар үй шаруасына қатысты, өзіңді күту, аспаздық, бала тәрбиесі, жұбайлық мәселесіне қатысты кеңестермен бөлісетін болады.